«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде, — деп хабарлайды photooner.kz тілшісі. Аталған іс-шара нақты қойылған талаптар мен нормаларды сақтай отырып, жеке құрамға қауіпсіздік шараларының ережелерін жеткізу, қызмет көрсетудің тәртібі мен қысқы кезеңде техникаларды пайдалану ерекшеліктерін түсіндіру жұмыстарымен басталған болатын. Бөлім командирінің […]
Жиырма алтыншы қазанда Алматының мәдени ошағы «Достық үйінде» қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жүз жылдығына орай Сайлау Пернебаевтың «ӘБЕНІҢ ӘЛЕМІ» атты фото кітабының тұсауы кесілді. Шараға көрші елдерден келген арнайы қонақтар, қаламгердің көзін көрген әріптестері, танымал әдебиетшілер және руханиятқа қызығатын оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты, — деп хабарлайды photooner.kz тілшісі. Кештің алғашқы […]
Он бірінші қазан күні мәдени астанамыз Алматы қаласында аты алты құрлыққа мәлім деректі фотограф, Magnum Photos халықаралық фотоагенттігінің мүшесі Томас Дворжакпен кездесу өтті. «Әскери фотожурналистика: журналистік объективтілік пен өз эмоцияларының арасындағы тепе-теңдік» тақырыбындағы жүздесуге осы салаға қызуғышылық білдіретін студенттермен қатар, танымал фотографтар, оқытушылар қатысты, — деп хабарлайды photooner.kz тілшісі. Кездесу еркін форматта өтті. Көрермендер саналарындағы […]
Алматы қаласында түркі әлеміндегі жас ақындардың Халықаралық поэзия фестивалі өтті. Оған Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түрікменстанның ақындары қатысты. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды. Фестивальдің басты мақсаты – түркі әлемінің бірлігі мен мәдениетін нығайту, жас ақындардың шығармашылық көкжиегін кеңейту. Іс-шара ТҮРКСОЙ ұйымының, Алматы қаласы әкімдігі мен «Тұлға-Достық» қоғамдық қорының қолдауымен өтті. Фестивальдің ашылуы«Поэзия аллеясында» (Сейріков […]
26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында қазақстандық фотожурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың 85 жылдығына орай жеке шығармашылық фотоархивінен 85 тарихи тұлғаның фотосуреттерін ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға тарту рәсімі өтті, — деп хабарлайды photooner.kz сайты. Салтанатты шараның ұйымдастырушылары: ҚР Ұлттық кітапханасы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі және Сайлау Пернебаевтың отбасы. Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. […]
Бүгінде «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің дивизион арасында 152 мм тіркемелі артиллериялық Гиацинт – Б зеңбірегінен біліктілікті арттыру мақсатында практика жүзінде есептеу топтары арасында атыс жаттығуы өткізіліді. Бұл әскери бөлімнің 2024 оқу жылының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған болатын. Жауынгерлік даярлықтың жаттығуы «Сарышаған» полигонында өтті. Атыс алаңда тартысты бәсекеде бірінші дивизионы бірінші […]
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі, фотограф, журналист, ғалым Дәурен Мақсұтханұлының Алматы облысы, Кеген ауданындағы сапардан фотосуреттерін ұсынамыз.
Белгілі фототілші, «Фотоөнер қайраткері» — Болат Омарәлиев 76 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды журналист Ержан Жаубай жеткізді. «Қазақтың фото өнеріне сүбелі үлес қосқан Болат Омарәлиев ағаның да уақыты болыпты. Алла пейіште нұрын шалқытсын!»—деп жазды ол. «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі танымал фототілшінің шығармашылығымен «Қазақ фотошежірешілері: Тарих, дерек, өнер» фотоальбомында таныстырған болатын. Альбомда ардагер фототілшінің бірнеше […]
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, фотограф, мобилограф Айым Бахыбектің Алматы облысы, Кеген ауданындағы фотосапардан бейнетоптамасын ұсынамыз.
Алатау арай газеті