Алматы қаласында «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Ауыл» партиясы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, — деп хабарлайды photooner.kz. Республикалық «Ауыл» партиясының Алматы қаласындағы кеңсесінде өткен салтанатты шараға «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің Президенті, Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Әбдірайым, «Ауыл» партиясы Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Ахметбек Байоразұлы Қоңырбаев, Бірлестіктің мүшелері, ардагер фотожурналист Нұрмамбет Қизатұлы, […]
Тегтер : Басты
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, танымал фотограф Ернұр Манапханұлы 2025 жылдың 14–19 қыркүйек күндері аралығында Ақтау қаласында «Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында Түркі елдері фотосуретшілерінің халықаралық көрме-фестиваліне қатысты. Оның жұмыстары үздік бағаланып, TÜRKSOY ұйымы мен Маңғыстау облысы әкімінің атынан Алғыс хатпен марапатталып, естелік сыйлыққа ие болды. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды. Ауқымды […]
95 жылдық тарихы бар Сарыбастау ауылы- Ленин атындағы колхоз болып, 1930 жылы 53 жанұямен бірігіп, барлығы 267 адам артель болып құрылған. 1936 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 23 қазандағы қаулысына сәйкес, «Есек артқан» ауыл советі болып құрылған. Ленин атындағы колхоз осы ауыл советіне қараған. 1939 жылы «Есек артқан» ауыл советі Ленин атындағы ауыл советі болып […]
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі, белгілі журналист, фототілші Қуанышбек Қари жиырмасыншы мәрте өткізілген Рахымбай Ханалы атындағы сыйлықтың лауреаты атанды, — деп хабарлайды photooner.kz. Марапаттау салтанаты Алматыдағы Журналистер одағында өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, Қазақстан Журналистикасы академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев, танымал журналист Валерий Жандаулетов болып, медиа саласының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. «Фотоөнер» […]
Отандық фотоөнер саласының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан фотопублицист, ұстаз, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің президенті Асылхан Әбдірайымұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап photooner.kz хабарлайды. Президент, журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті. – Сіздер […]
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері кереге таулы киелі Кеген жеріне барып қайтты, — деп хабарлайды photooner.kz. Фотоэкспедицияға бірлестік құрылтайшысы Сағатбек Медеубекұлы, бірлестік президентінің міндетін атқарушы Досжан Балабекұлы бастаған Нахып Шынтеміров, Мақсат Шағырбай (Түркістан облысы), Серікболсын Шері (Түркістан), Қуанышбек Қари (Алматы), Дәурен Ермекбай (Алматы облысы) қатысты. Сапар қатысушыларын Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев бастаған аудан әкімшілігі қызметкерлері […]
Алматыда Принтмедиа технологиялар колледжінің 19 студенті «Фотограф» біліктілігі бойынша дипломдық жұмыстарын қорғады. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды. Қорғау жұмыстарында комиссия төрағасы, “DTM-Print” ЖК директоры М.Т. Дүйсебеков, комиссия төрағасының орынбасары Е.Д. Калиниченко, басуға дейінгі процесстер бөлімінің меңгерушісі А.Е. Сулейжан, фотографиядан арнайы пән оқытушысы және диплом жетекшісі О.Е. Алхаров, өндірістік оқыту шебері А.А. Көптлеу, фотопублицист А. Әбдірайымұлы қатысып, […]
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы ең танымал жайлау – Асыға екі күндік арнайы фотоэкспедиция жасалды, — деп хабарлайды photooner.kz. «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі жыл сайын көктем-жаз мезгілдерінде еліміздің ең көрікті жерлеріне арнайы фотоэкспедиция ұйымдастырып тұрады. Бұл жолы да дәстүрден жаңылмай «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі президентінің міндетін уақытша атқарушы Досжан Балабекұлы бас болып, бірлестік мүшелері — Қуанышбек Қари, Дәурен […]
29.05.2025 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетіндегі «Фотоөнер» білім беру және зерттеу орталығында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жарты жылдықтағы жалпы жиналысы өтті, — деп хабарлайды photooner.kz. Жиналысқа Асылхан Әбдірайым бастаған бірлестіктің Алматыдағы мүшелері мен арнайы келген қонақтар оффлайн қатысса, Қалиғұмар Қабдешұлы мен Оңғарбек Алхаров (Алматы қаласы), Шүкір Шахай мен Бауыржан Жуасбаев (Астана қаласы), Нақып Шынтемір мен […]
Бүгін, яғни 04.06.2025 ж. Алматыда «Қыран» ұлттық аңшылық орталығының ашылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды photooner.kz. Алматы қаласының әсем жерінде, дәлірек айтсақ Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 412 мекен-жайында орналасқан «Қыран» ұлттық аңшылық орталығының ашылуына осы ерекше ұлттық құндылығымызға жанашыр жандармен қатар, «Abai TV», «Хабар» агенттігі сынды телеарналармен қатар басқа да БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты […]