Алматы қаласы күніне орай ҚР Ұлттық кітапханасының орталық кіреберісіндегі ашық алаңда «Мәдениет, өнер, қолөнер» жәрмеңкесі және «Алматы – менің шығармашылық бесігім» әдеби-музыкалық кеші өтті. «Мәдениет, өнер, қолөнер» жәрмеңкесіне белгілі және жас қазақстандық жазушылар, отандық баспалар, кітап дүкендері, ғылым, білім және мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар қатысты. Оңтүстік астананың кішкентай тұрғындары мен қонақтары үшін «By ArT» көркемсурет студиясы «Қаланың жарқын түстері» пленэрін өткізді. Пленэр – бұл табиғаттағы табиғи […]
«Жауынгерлік достастық» оқу-жаттығуын өткізу төрт кезеңге жоспарланған. Алғашқы кезеңде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бөлімшелерінің жеке құрамы дабылмен көтеріліп, «Сарышаған» полигонындағы оқу-жаттығу ауданына әскери эшелон арқылы бөлімшелері мен арнайы жауынгерлік техникаларын жеткізді. Екінші кезең аясында басқару органдары мен әскерлерді ұрыс қимылдарын жүргізуге даярлау жүргізіледі. Штабтар жоспарлауды жүзеге асырып, оқу-жаттығудың жауынгерлік құжаттары әзірленетін болатын. Оқу-жаттығудың белсенді […]
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 06708 әскери бөлімнің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері Гиацинт – Б 152 мм ірі калибірлі зеңбіректен оқ атуды пысықтауда. Фотосуреттің авторы, лейтенант Думан Жұмашұлы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің базасында Әуе қорғаныс күштері институты курсанттарының Л -39 ұшақтарында ұшу практикасы. Суретті түсірген Думан Жұмашұлы
Белгілі фотосуретші, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ернұр Манапханұлы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының шақыртуымен 30 маусым мен 20 шілде аралығында Өзбекстандағы фотосапарға барып қайтты. Айтулы шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан, Татарстан, Тува, Балқар және Мажарстаннан 21 фотосуретші қатысты. Түркі әлемі фотосуретшілерінің өзбек жерінде бас қосуының негізгі мақсаты — Өзбекстанның танымал саяхат орындары мен халқының тұрмыс-тіршілігін […]
Түркістан облысы Кентау қаласында тұңғыш рет Кентау қалалық ішкі саясат “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен жастар форумы және де облысымызда тұңғыш рет 4 бағытты біріктіре білген Кентау келбеті атты жоба өтті. Жалпы форумға 100-ге жуық адам қатысса, форум аясындағы Кентау келбеті жобасында 60-қа жуық үміткер бақ сынады. Бір-бірінен озып тұрған қатысушылар 4 бағытта, нақтырақ айтқанда […]
Алматы төрінде «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Деректі фото» курсының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінде ұйымдастырылған үш күндік дәріске бірінші кезеңнен өткен 15 фотограф қатысты. Оларға деректі фото жанрының шебері, әлемдегі үздік 10 фотографтың бірі Серік Мұқышұлы дәріс беріп келеді. Бұл жолы бірінші кезең соңында берілген […]
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшілері кезекті бақылау тексерісін тапсырды. Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды. Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады. Жас сарбаздар белгіленген нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. […]
Сәуір айының соңында тамырлас Түркия мемлекетінен фотография саласының майталмандары Мимар Синан университетінің профессоры Озан Билгисерен және «FOTOSFER» халықаралық фотофестивалінің арт-директоры Мұрат Гүр Қазақстанға ат басын тіреді. Аталмыш тұлғалармен кездесу Алматы полиграфиялық колледжінің қабырғасында өткен болатын. Кездесуде Түркиядан келген меймандармен бірге еліміздегі фотография саласының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген Нұрманбет Қизатұлы, Асылхан Әбдірайымұлы, Фархат Қабдықайыров, Оңғарбек […]
Балқаш қаласына жақын орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери әуе күштеріне қарасты полковник Асанов Азамат Нурумович басшылық ететін 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу орталығына табан тірегенімізде, ашық алаңдағы қаз қатар тізілген әскери ұшақтарға көзіміз түсіп, кешегі өткен Ұлы Отан соғысы жылдарында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигельдинов ағамыз да […]