ҚазҰУ-да «Тәуелсіздік тағылымы: 30 жылдағы 30 сәт» атты фотокөрме өтеді

2021 жылдың  9-желтоқсаны  сағат 11.00-де, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  Әл-Фараби кітапханасында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік тағылымы: 30 жылдағы 30 сәт» атты  фотокөрме өтеді. Көрменің мақсаты – егемен ел ретiндегi отыз жыл уақыт аралығындағы объектив нысанына iлiнген мемлекеттiк, қоғамдық, саяси, мәдени және рухани маңызы бар сәттер мен оқиғаларды ел назарына ұсыну, келер ұрпақты отансүйгіштікке баулу. […]

Ержан Бабақұмаров БАҚ арасындағы конкурс жеңімпаздарын марапаттады

Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында БАҚ арасындағы байқау қорытындыланды Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы байқаудың қорытындысы шығарылды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров іс-шараны аша отырып, Алматыда ел бойынша ең үлкен журналистік пулдың бар екенін атап өтті. Жаңалықтардың үлкен саны мегаполисте жасалады, ал маңызды бөлігі — […]

«Әр қазақ менің – жалғызым» дәстүрлі фотобайқаудың қорытындысы шықты

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Әр қазақ менің – жалғызым» атты дәстүрлі фотобайқауын жариялаған болатын. Байқаудың негізгі мақсаты – портреттік, тақырыптық және өзге де жанрлар арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтардың бейнесін ашу, Алаш ұстанымын насихаттау. Жұмыстарға дауыс беру «Ақ жол» партиясының ресми сайтында 25 қазаннан – 25 қарашаға дейін жүргізілген болатын. […]

Windows жұмыс үстеліндегі ерекше орындарға қалай баруға болады?

Дербес компьютер пайдаланушыларының көпшілігі, соның ішінде құрылғы, Windows операциялық жүйесінің жұмыс үстелін күнделікті пайдаланады. Көбінесе ол таңғажайып әдемі табиғи мекенді бейнелейді және суретке қараған сайын сұрақ туындайды: мұндай сурет дәл қай жерде түсірілген? Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Windows жүйесіндегі танымал орындар жайлы және бұл суреттердің қалай түсірілгені туралы баяндайды. «Мүлгіген тыныштық» — ең танымал Windows түсқағаздарының бірі. Олар […]

«WorldSkills Almaty-2021» аймақтық чемпионатының жеңімпазы анықталды

22 қазанда Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде «WorldSkills Almaty-2021» аймақтық чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Осы жылы аймақтық чемпионат 49 құзыреттілік бойынша өткізілді, оның 14 құзыреттілігі ІТ бағыты бойынша өткізілді. Чемпионатқа 18 колледж және 2 ЖОО, 89 конкурсант және 112 сарапшы қатысты. Чемпионат білім басқармасының басшылығымен және Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтті. «Фотография» құзыреттілігі […]

Алматыда «Сахна сәттері» көрмесі ашылды

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры өзінің 96-маусымын М. Әуезовтің «Абай» қойылымымен ашты. Мерейлі маусымның ашылу салтанатындағы баспасөз мәслихатына М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б. Тұрыс, режиссер А. Оспанбаева […]

«Ұлттық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты жинақ жарық көрді

Қазақстан фотографиясының 180 жылдығы аясында ұстаз, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлының 60 жасқа толған мерейтойына арналған «Ұлттық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік онлайн-конференциясының жинағы жарық көрді. Жинақ толық

Фотожурналистикаға қойылатын шығармашылық талаптар мен кәсіби шеберлік

Фотожурналистика Қазақстандағы кейіннен пайда болған жас  өнердің бірі.  Сондықтан да  фотожурналистиканың қыр-сырын  ашу,  оның  жанрларын ажырату, жаңа жаңалықтарын  жария  ету, журналистика  саласымен     бірге  дамуындағы ерекшеліктері мен ұқсастықтары  секілді  мәселелерді қарастыру әлі де өзекті болып қала бермек. Баспасөз беттерінде жарияланып жататын суреттердің тарихы да,  айтар ойы да, көздеген мақсаты әр түрлі болып келеді. Фотоның  баспасөз арасынан  […]

Біз хронологиялық тарихқа үңілуіміз керек

Түркияда «Ұлттық фотография» ұғымын қалыптастыру бойынша нақты талқылау болуы мүмкін. Бірақ «Ұлттық Түрік фото өнерінің тарихы мен даму процестері» тақырыбын нақтылау үшін біз хронологиялық тарихқа үңілуіміз керек. Фотографияның ортаға шығуы 1839 жылы 19 тамызда Париждегі Француз Ғылым Академиясындағы Дагер тарапынан әлемге жарияланды. Осыдан кейін Фотография ұғымы Осман топырағының шаһары Ыстамбұлда танымалдылығын арттыра бастады. Осылайша, тарихи […]

БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ

2021 жылдың  15-сәуірінде  сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е.Шаймерденов атындағы аудиторияда Қазақстан фотографиясының 180 жылдығы аясында ұстаз, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлының 60 жасқа толған мерейтойына  арналған «ҰЛТТЫҚ ФОТОӨНЕР: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді. «Ұлттық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияда Асылхан Әбдірайымұлының шығармашылығына арналған кітап және фотокөрмесі ұйымдастырылады. Конференцияға […]