«Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Әр қазақ менің – жалғызым» атты дәстүрлі фотобайқауын жариялаған болатын. Байқаудың негізгі мақсаты – портреттік, тақырыптық және өзге де жанрлар арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтардың бейнесін ашу, Алаш ұстанымын насихаттау. Жұмыстарға дауыс беру «Ақ жол» партиясының ресми сайтында 25 қазаннан – 25 қарашаға дейін жүргізілген болатын. […]
Дербес компьютер пайдаланушыларының көпшілігі, соның ішінде құрылғы, Windows операциялық жүйесінің жұмыс үстелін күнделікті пайдаланады. Көбінесе ол таңғажайып әдемі табиғи мекенді бейнелейді және суретке қараған сайын сұрақ туындайды: мұндай сурет дәл қай жерде түсірілген? Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Windows жүйесіндегі танымал орындар жайлы және бұл суреттердің қалай түсірілгені туралы баяндайды. «Мүлгіген тыныштық» — ең танымал Windows түсқағаздарының бірі. Олар […]
22 қазанда Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде «WorldSkills Almaty-2021» аймақтық чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Осы жылы аймақтық чемпионат 49 құзыреттілік бойынша өткізілді, оның 14 құзыреттілігі ІТ бағыты бойынша өткізілді. Чемпионатқа 18 колледж және 2 ЖОО, 89 конкурсант және 112 сарапшы қатысты. Чемпионат білім басқармасының басшылығымен және Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтті. «Фотография» құзыреттілігі […]
Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры өзінің 96-маусымын М. Әуезовтің «Абай» қойылымымен ашты. Мерейлі маусымның ашылу салтанатындағы баспасөз мәслихатына М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б. Тұрыс, режиссер А. Оспанбаева […]
Қазақстан фотографиясының 180 жылдығы аясында ұстаз, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлының 60 жасқа толған мерейтойына арналған «Ұлттық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік онлайн-конференциясының жинағы жарық көрді. Жинақ толық
Фотожурналистика Қазақстандағы кейіннен пайда болған жас өнердің бірі. Сондықтан да фотожурналистиканың қыр-сырын ашу, оның жанрларын ажырату, жаңа жаңалықтарын жария ету, журналистика саласымен бірге дамуындағы ерекшеліктері мен ұқсастықтары секілді мәселелерді қарастыру әлі де өзекті болып қала бермек. Баспасөз беттерінде жарияланып жататын суреттердің тарихы да, айтар ойы да, көздеген мақсаты әр түрлі болып келеді. Фотоның баспасөз арасынан […]
Түркияда «Ұлттық фотография» ұғымын қалыптастыру бойынша нақты талқылау болуы мүмкін. Бірақ «Ұлттық Түрік фото өнерінің тарихы мен даму процестері» тақырыбын нақтылау үшін біз хронологиялық тарихқа үңілуіміз керек. Фотографияның ортаға шығуы 1839 жылы 19 тамызда Париждегі Француз Ғылым Академиясындағы Дагер тарапынан әлемге жарияланды. Осыдан кейін Фотография ұғымы Осман топырағының шаһары Ыстамбұлда танымалдылығын арттыра бастады. Осылайша, тарихи […]
2021 жылдың 15-сәуірінде сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е.Шаймерденов атындағы аудиторияда Қазақстан фотографиясының 180 жылдығы аясында ұстаз, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлының 60 жасқа толған мерейтойына арналған «ҰЛТТЫҚ ФОТОӨНЕР: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді. «Ұлттық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияда Асылхан Әбдірайымұлының шығармашылығына арналған кітап және фотокөрмесі ұйымдастырылады. Конференцияға […]
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай танымал фотограф, «Фотоөнер» ҚБ белсенді мүшесі, жанашыры Мақсат Шағырбаевтың шығармашылығынан «Мен қазақ қыздарына қайран қалам…» атты фотогалереяны ұсынамыз. Суреттерді түсірген-Мақсат Шағырбаев
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақ Республикасының 100 жылдығына орай ұйымдастырған «Әр қазақ – менің жалғызым» атты фотобайқауының жеңімпаздарын анықтады. Байқауға жас ерекшелігіне қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын 56 қатысушының жұмысы келіп түсті. Ең көп дауыс жинаған және ракурс ерекшелігі мен түсіру шеберлігі, қасқағым сәт пен мазмұны, мағынасы мен сапасы жоғары 21 жұмыс тәуелсіз кәсіби […]