«Менің Қазақстаным» фотоконкурсына қатысып көріңіз

Байқау Қазақстанның экологиясына арналған және қоғамның назарын біздің ұлан-байтақ еліміздің табиғатына аудару және оны сақтау қажеттілігі, туған елге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу және табиғи байлыққа ұқыпты, жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Номинациялар: Қазақстанның флорасы мен фаунасы Қазақстанның табиғаты Қазақстанның экологиясы мен қоршаған ортасы Толығырақ: qazaqgeography.kz/kz

«Әр қазақ менің — жалғызым» фотоконкурсы жарияланды

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақ Республикасының (1920-2020 жж) 100 жылдығына орай «Әр қазақ менің — жалғызым» атты фотоконкурс жариялайды. Байқаудың негізгі мақсаты — портреттік, тақырыптық және басқа да суреттер арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтардың бейнесін ашу, Алаш ұстанымдарын насихаттау. Байқауға жас ерекшелігіне, мамандығына қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын барлық азаматтар қатыса алады. […]

Алтайдағы «Арал»

Немесе шекара «күзеткен» екі үй Шағыл тасты иықтан асқанда, мөлдіреп Марқакөл көрінді. Алтайдың шыңдарын жағалай ұшқан тікұшақтың бағыты — көл жағасындағы Верх Еловка ауылы. Негізгі атауы — Қарағайлы бұлақ. Кезіндегі 160 үйлі ауылда бүгін екі-ақ түтін қалыпты. Біз жағалауында қаңырап қалған Қарағайлы бұлақ ауылына қондық. Мызғыған тыныштық. Бөренеден қиып салынған үйлердің бәрі бос. Маңайын адам […]

«Шежірелі Маңғыстау»: Кәсіби фотографтар киелі өлкенің көрікті жерлерін фотоға түсіріп

АҚТАУ. ҚазАқпарат — Елімізге белгілі фотосуретші Асылхан Әбдірайымұлы бастаған «Фотоөнер» ҚБ мүшелері Маңғыстаудың керемет жерлерін аралап, фотоға түсірді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде мәлім болды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 7-10 маусым аралығында өткен фото-экспедицияның негізгі мақсаты — әр өлкенің тылсым табиғатын, әдемі, көркем жерлерін, ұлттық өнерін, дәстүрі мен мәдениетін көрсетіп, шет мемлекетке таныту. «Фотоөнер» […]

Фотоэкспедиция прошла в Мангистау

Члены общественного объединения «Фотоонер» во главе с известным фотографом Асылханом Абдраимовичем посетили достопримечательности Мангистау. Об этом сообщили в Центре общественных коммуникаций региона. Фотоэкспедиция, которая прошла с 7 по 10 июня, носит название «Шежирели Мангистау». Её цель — показать жителям зарубежных стран загадочные, необычные, живописные места, казахское искусство, традиции и культуру каждой области. За четыре дня […]

Маңғыстаудың ғажайып табиғаты

«Фотоөнер» ҚБ мүшелері 7-10 маусым аралығында  Маңғыстаудың керемет жерлерін аралап, фотоға түсірген болатын. Маңғыстау облысы әкімдігі және Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «ШЕЖІРЕЛІ МАҢҒЫСТАУ» фото-экспедициясындағы сапардан түсірілген суреттер оқырмандарымызды киелі мекенге жетелейді. Кезекті фототоптамамызда бірлестіктің Батыс Қазақстан облысындағы мүшесі Мейірбек Тажкурановтың шығармашылығындағы Маңғыстау көріністерімен жалғастырамыз.  Суреттерді түсірген-Мейірбек Тажкуранов, photooner.kz  

Бүгін қос фотографтың туған күні

Бүгін ардагер фотожурналист  Қалиғұмар Қабдешұлы мен  «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлының туған күні. Әріптестерімізді, қуанышты күндерімен шын жүректен құттықтаймыз. Шығармашылық табыстар тілейміз! *** ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Қалиғұмар Қабдешұлы 1980 жылдардың басында қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  музейінің алғашқы құрылуына үлес қосқан, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың, сол жылдары университет ректоры болған Ө.А.Жолдасбековтың тарихи суреттерінің авторы, ардагер […]