Фотография жайлы білім мен қоса мемлекеттік куәлік аласыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «ФОТОЖУРНАЛИСТ»  оқу-ағарту орталығы, фотография саласы бойынша қызмет етіп жүрген маман иелерін «Фототілші», «Фоторепортер»  онлайн (қашықтықтан оқыту) курсына шақырады. 72 академиялық сағат 2 апталық (29.06 — 12.07.2020 ж.) курсты  аяқтаған соң, ҚР Білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру» институтының фотограф, фототілші, жалпы фотожурналистика саласы […]

Киелі мекен

«Фотоөнер» ҚБ мүшелері 7-10 маусым аралығында  Маңғыстаудың керемет жерлерін аралап, фотоға түсірген болатын. Маңғыстау облысы әкімдігі және Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «ШЕЖІРЕЛІ МАҢҒЫСТАУ» фото-экспедициясындағы сапардан түсірілген суреттер оқырмандарымызды киелі мекенге жетелейді. Бұл ретте бірлестіктің белсенді мүшесі Оңғарбек Алхаровтың шығармашылығындағы Маңғыстау көріністерін ұсынамыз. Суреттерді түсірген-Оңғарбек Алхаров

Тылсымға толы-Маңғыстау топырағы

Елімізге белгілі фотосуретші Асылхан Әбдірайымұлы бастаған «Фотоөнер» ҚБ мүшелері 7-10 маусым аралығында  Маңғыстаудың керемет жерлерін аралап, фотоға түсірген болатын. Маңғыстау облысы әкімдігі және Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «ШЕЖІРЕЛІ МАҢҒЫСТАУ» фото-экспедициясындағы сапардан түсірілген суреттердің келесі топтамасын ұсынамыз. Бұл жолы бірлестігімізге жаңадан қосылған әріптесіміз Ернұр Манапханұлының шығармашылығындағы Маңғыстау көріністерін ұсынамыз. Суреттерді түсірген-Ернұр […]

Фотошежіреші

Білместігім шығар, фотоөнерге өмірін арнап келе жатқан жерлесіміз — Қалиқұмар Қабдешев ақсақал туралы бұрын-соңды естімеппін. «Марқакөлдің тумасы, Қонаевтың жанында фотожурналист болып қызмет етті» дегенде ғана елең ете қалдым. Елең ете қалғаным, о заманда фотоаппарат ұстаған қазақ ілеу де біреу-тұғын. Ақсақалмен әңгімелескім келді. Әй, бірақ жуық арада Алматыға жол түсе қоюы екі талай еді. Сөйтсем, «адам […]

Photooner.kz сайты жұмысын қайта бастады

Армысыздар ағайын, еліміздің фотосүйер қауымы! «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің құрылу мақсаты:  Қазақстандағы фотография саласын дамыту болып табылады. Сондықтан қайта техникалық жөндеуден өткен photooner.kz сайты жаңа айдарларымен қауышып отыр. Мысалы, «Фотоқазына» айдарында «Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері», «Қазақ фотошежірешілері» және «Ғасырдың көзі» атты фотоэнциклопедияларының  тарихи суреттерін ұсынады. Ал, «Суреттер сөйлейді» айдары бойынша әртүрлі фотожанрлардың қыр-сырымен танысуға болады. Сонымен қатар […]

«Шежірелі Маңғыстау»

МАҢҒЫСТАУДА «ШЕЖІРЕЛІ МАҢҒЫСТАУ» АТТЫ ФОТОЭКСПЕДИЦИЯ ӨТТІ Елімізге белгілі фотосуретші Асылхан Әбдірайымұлы бастаған «Фотоөнер» ҚБ мүшелері Маңғыстаудың керемет жерлерін аралап, фотоға түсірді. Фотоэкспедиция барысында жас фотографтарға шеберлік сағатын өткізу де жоспарланған болатын. Опубликовано Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы" Среда, 10 июня 2020 г. Түркістан облысының фотографы, «Фотоөнер» ҚБ мүшесі Мақсат Шағырбай: Маңғыстау табиғатының көркемдігіне көз тоймайды. […]

Маңғыстауда «Шежірелі Маңғыстау» атты фото-экспедиция өтті

Елімізге белгілі фотосуретші Асылхан Әбдірайымұлы бастаған «Фотоөнер» ҚБ мүшелері Маңғыстаудың керемет жерлерін аралап, фотоға түсірді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды. 7-10 маусым аралығында өткен фото-экспедицияның негізгі мақсаты — әр өлкенің тылсым табиғатын, әдемі, көркем жерлерін, ұлттық өнерін, дәстүрі мен мәдениетін көрсетіп, шет мемлекетке таныту. «Фотоөнер» ҚБ мүшелері 4 күн ішінде Түпқараған, […]

Бақытхан Әсетұлы: Әр суретті жауапкершілікпен түсіруге тырысамын

— Бақытхан, туып-өскен жеріңіз туралы әңгімелеп берсеңіз. — Мен 1971 жылы Қытай Халық Республикасы, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданының Қаратүңке ауылында тудым. Қазір осы аудан орталығы — Қу Ертіс қалашығында тұрамын. Мал шаруашылығы саласында техник болып қызмет атқарамын. Кезінде Іле облысының ауыл шаруашылығы машиналары мектебін тәмамдағанмын. Бүгінгі қуанышты күні бірінші кезекте мені 12 […]

Оңғарбек Алхаров, фотограф: Селфидің арқасында ақымақтар, құр мақтаншақтар көбейіп кетті»

— Әр адамға мамандық таңдауға белгілі бір себеп, оқиға әсер етеді. Сіз фотосалаға қалай келдіңіз? — Менің негізгі мамандығым суретші. Осыдан оншақты жыл бұрын өзге ұлт өкілдерінің қазақтың тойын суретке түсіріп жүргенін байқадым. Яғни, біздің салт-дәстүрімізден, ұлттық қазынамыздан  бейхабар жандар қолына фотоаппарат алып, естелік сәттерді кадрға түсіруде. Сол сәтте мәдениетімізді, дәстүрімізді өзіміздің қазақ бауырлар түсірмесе […]

Бақытхан Әсетұлы: Той түсірсем, дүниенің соңында кетіп қалар едім

Алматы. 8 желтоқсан, 2015 жыл. -Ұлан. Алматы қаласында фотография саласының дамуына үлес қосып жүрген «Фотоөнер» қауымдастығы бар. Осы ұйымның жақында «Фотосын» шарасы өтті. Бұл сын сағатына Алтай өңірінен келген Бақытхан Әсетұлы қатысты. Шарадан соң әңгімелескен едік. Фотография саласынан арнайы білімім жоқ Суретке түсірудің өзіндік қиыншылықтары бар. Кейде бір суретті шығару үшін 1 сағат, 1 күн, […]