Тегтер : Басты

Алматыда «Деректі фото: тарихы және даму көкжиегі» атты монографияның таныстырылымы

2024 жылғы 30 сәуір күні сағат 10:00-де, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында (Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14) «Деректі фото: тарихы және даму көкжиегі» атты монографияның таныстырылымы өтеді. Шараны ұйымдастырушылар: «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы. Монографиялық еңбекте авторлар «тәтті» фотодан алыстау жүріп, мән-мазмұны бар «ащы» фотоға, яғни […]

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтті

Алматы қаласында Полиграфия колледжінің ғимаратында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы (офлайн және онлайн) өтті.  Шараның модераторы, белгілі өнертанушы ғалым, журналист Сағатбек Медеубекұлы болды. Күн тәртібінде бірнеше мәселе талқыланды. Мәселен, жиналыста бірлестік жарғысына өзгерістер енгізу, құрылтайшылар санын реттеу, логотиптің жаңа нұсқасын талқылау, бірлестік серіктестерімен сұхбаттасу, «Сайлау Пернебав-85» жобасының жалғасын  жүргізу (колледж студенттері арасындағы фотобайқау) және бірлестікке […]

Әлем таныған фотографтың шеберлік сағаты өтті

16-наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен әлем таныған фотограф Фархат Құрметұлы Қабдықайыровтың шеберлік сағаты өтті. Сенбі күні болса да елу минутқа жоспарланған  Фархат Қабдықайыровтың шеберлік дәрісі екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Журфактың ұстаздары, магистранттары мен студенттері және сырттан келген меймандар (фотографтар, басқа жоғары оқу орындарының студенттері) үшін қызық болған […]

ТҮРКІСТАН ТУРИЗМІ — ФОТООБЪЕКТИВ НАЗАРЫНДА

Түркістан облысы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде тіл мектебі және әлеуметтік даму бөлімінің ұйымдастыруымен фотограф Нахып Шинтемировтың фотокөрмесі  өтті. Басты мақсат – «Түркістан қаласы — түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы» аясында туризм саласын фото арқылы насихаттау. Нахып Шинтемиров – Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің фототарихын жасаушы, өңірге […]

Canon фильм өндірісіне арналған инновациялық камераларды ұсынды

Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің алаңында Canon кәсіби кинокамераларының тұсаукесері өтті. Компания Canon EOS C70, Canon XF605, Canon EOS R5C, Canon EOS C500 Mark II модельдерін және кинематографияның жоғары қажеттіліктерін ескере отырып жасалған, сондай-ақ Голливудтың жетекші кинорежиссерлері мен бейнеоператорларының сеніміне ие болған басқа да камераларды ұсынды. Бұл туралы Canon CEE GmbH […]

Фотожурналистикаға қойылатын шығармашылық талаптар мен кәсіби шеберлік

Фотожурналистика Қазақстандағы кейіннен пайда болған жас өнердің бірі. Сондықтан да фотожурналистиканың қырсырын ашу, оның жанрларын ажырату, жаңа жаңалықтарын жария ету, жур налистика саласымен бірге да муындағы ерекшеліктері менұқсастықтары секілді мәселелерді қарастыру әлі де өзекті болып қала бермек. Баспасөз беттерінде жарияланып жататын суреттердің тарихы да, айтар ойы да, көздеген мақсаты әр түрлі болып келеді. Фотоның баспасөз […]

Қазақстандағы фотография өнерінің даму аспектілері

Фотография екі ғасырдай дамуды артқа тастап бүгінгі күнге жетіп отыр. Осынау уақыттардың ішінде фотографиялық техноло- гиялар үздіксіз даму үстінде ғана болмай, арнайы өнер түрлеріне де әсер етіп, адамзат санасында бейненің сақталатынын, көркем дәрежеде уақытты тоқтата алатынын сан мың рет дәлелдеді. Бейнелеу, кино және т.б. өнер түрлерімен қоянқолтық техникалық және технологиялық арақатынастары жалпы өнер функциясы мен […]

Мерей Қайнарұлы филиал төрағасы болып сайланды

«Фотоөнер» ҚБ-нің белсенді мүшесі, «Egemen Qazaqstan» газетінің   меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы Қазақстан  Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық  филиалының төрағасы болып сайланды. Мерей Қайнарұлы Қазақстан журналистер одағының мүшесі, суретші, фотожурналист,  журналист, жазушы. Бірнеше әдеби бәйгелердің жүлдегері.