Суреттің авторы: Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы, лейтенант Думан Жұмашұлы
«Тактикалық мерген» сайысына қатысушылардың іс – қимылы жылдам әрі сенімді. Суретті түсірген — Думан Жұмашұлы
Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында армия атқыштары «Тактикалық мерген» байқауының бірінші біліктілік жаттығуын орындады. Одан өзге бірнеше нысана бойынша әр түрлі позициядан ату, қаруды сенімді және қауіпсіз ұстау дағдылары да ескерілді. Барлық осы критерийлер бойынша «Біліктілік» жаттығуында тоғыз ел арасында қазақстандық әскери қызметшілер үздік нәтиже көрсетті, екінші орында Өзбекстан командасы, үшінші орында – Қытай. Суреттерді […]
Биыл қазақстандықтар жеті сайысқа қатысады. Олардың үшеуі ел аумағында, төртеуі шетелде өтеді. «Теңіз кубогы» Әзербайжан жерінде ұйымдастырылып отыр, «Бейбітшілік жауынгері» Арменияда, «Танк биатлоны» және «Эльбрус шеңбері» жарыстары Ресейде өтеді. Қазақстанға «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Меридиан» және «Тактикалық мерген» жарыстарына қатысу үшін әр елден әскери қызметшілер келіп жатыр. Соңғы аталған екі байқау да еліміздің аумағында бірінші […]
Келісімшарт бойынша әскери қызметші қатардағы жауынгер Ерік Тұрғынбай. 2021 жылы Ливандағы бітімгершілік миссиясына қатысқан. Жауынгерлік дайындығының үздігі. Приозерск гарнизоны *** Рядовой Ерик Тургынбай — военнослужащий по контракту. В 2021 году он принял участие в миротворческой миссии в Ливане. Отличник боевой подготовки. Приозерский гарнизон Суретті түсірген-Думан Жұмашұлы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 – жылдығы мен Балалар жылына орай «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Отан қорғаушы сарбаздардың міндеті – егемен елімізідің тұтастығы мен тәртібін сақтау болып табылады.Өскелең ұрпаққа әскери – патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген шара барысында бүлдіршіндер сарбаздардың күнделікті тыныс – тіршілігі мен танысты. Ұйымдастырушылар […]
Корея мәдениетімен, әсем табиғатымен танымал. Пусан Корея Республикасындағы ең ірі әрі аумағы жағынан Сеулден кейінгі қала. Пусан теңізге шығатын қала болғандықтан, туристтер саны жыл санап артуда. Пусан қаласының орталығынан 3 км қашықтықта орналасқан Пусан Сонгдо жағажайы 1913 жылы ашылған және Кореядағы алғашқы қоғамдық жағажай болып саналады. Аралда жағажайдың оң жағында қарағайлы орман өседі, сондықтан жағажай […]
Удо — Чеджу аралының шығыс бөлігіндегі арал. Арал өз атауын алды, өйткені оның пішіні басын жоғары көтеріп жатқан сиырға ұқсайды (бұл атауды корей тілінен аударуға болады). Бүгінде аралға әлемнің әр түкпірінен фотографтар мен БАҚ өкілдері жиі саяхаттап келеді. Удо аралының шеңбері 17 км, мұнда 700-ге жуық үй және 1800-ге жуық тұрғын егіншілікпен және балық аулаумен […]
Жәңгір ханның немересі, белгілі ақын, ағартушы Шәңгерей Бөкеевтің қазақтан шыққан тұңғыш фотограф екендігі ара-тұра айтылып жүр. Бірақ өкінішке қарай, Шәңгерейден қалған осы мұра әлі толық жинақталып, зерттелген емес. Шәңгерей сан қырлы адам болған. Ол 1847 жылы Бөкейлікте, Жасқұстағы Хан ордасында дүниеге келген. 5 жасында әкесі Сейіткерей қайтыс болғанымен, хан-сұлтан тегі еш нәрседен мұқтаж қылмаған. Әуелі […]
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында 3 наурыз, сағат 15.00-де Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдастық бірлестігінің ұйымдастыруы және ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен, Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған ұстаз, суретші, желтоқсан оқиғасының ардагері Қадығұлова Сара Қажымұратқызының «САРАНЫҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ» атты жеке шығармашылық көрмесі өтеді. Қадығұлова Сара Қажымұратқызы 1965 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Мектептептен соң 1983 – 1988ж.ж Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының көркемесурет – графика факультетін бітірген. […]